Қазақстанда қанша адам рақымшылықпен босатылды?

ІІМ босату туралы шешімнің автоматты түрде қабылданбайтынын атап өтті.

5 Тамыз 2026, 13:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев 5 Тамыз 2026, 13:33
5 Тамыз 2026, 13:33
157
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Қазақстан Республикасында жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды жүзеге асыру жалғасуда. Ішкі істер министрлігі атқарылған жұмыстың алғашқы нәтижелері туралы хабарлады.

Қанша адам босатылды?

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 620 адам босатылды. Пробация қызметінің есебінде тұрған тағы 724 азамат жазасын одан әрі өтеуден босатылды.

Сондай-ақ, 730-дан астам сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

Қанша өтініш қаралды?

Рақымшылықты қолдану үшін соттарға 10 мыңнан астам ұсыныс жіберілді.

Оның 4,4 мыңға жуығын қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, ал 6,9 мыңнан астамын пробация қызметтері дайындады.

Соттар мыңнан астам материалды қарап, өтініштер бойынша жұмысты жалғастыруда.

Рақымшылық қалай жүзеге асырылады?

ІІМ босату туралы шешімнің автоматты түрде қабылданбайтынын атап өтті.

Әрбір жағдай бөлек қарастырылады: құқықтық баға беріледі, содан кейін соңғы шешімді сот қабылдайды.

Босатылғандарды шыққаннан кейін не күтіп тұр?

Уәкілетті органда адамды босатып қана қоймай, оның қалыпты өмірге оралуына көмектесу маңызды екенін атап өтеді.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, босатылғандарға жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге көмек ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қолдау көрсетіледі.

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар сот талаптары шеңберінде сүйемелдеу алуды жалғастырады және бақылауда болады.

Рақымшылық туралы заңды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сенат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдаған болатын. Құжат қылмыстық да, әкімшілік та рақымшылықты қарастырады.

Сондай-ақ, Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін жаздық.

Тағы оқи отырыңыз: 

Қазақстанда рақымшылық жарияланады: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?

Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді? 

Наверх