Қазақстанда қосымша екі пойыз іске қосылды 

9 Қаңтар 2022, 11:48
1129
Бөлісу:
Қазақстанда қосымша екі пойыз іске қосылды 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша екі пойызды іске қосты.

Сұраныстың артуына байланысты «ҚТЖ» ҰК» Алматыдан Ақтөбе және Нұр-Сұлтан бағыты бойынша қосымша екі коммерциялық жолаушылар пойызын іске қосады: - №213/214 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылдың 9 қаңтарында сағат 12.55-те жөнелтіліп, 11 қаңтарда сағат 07.25-те Ақтөбе қаласына келеді.

Пойыз Ақтөбеден Алматыға 11 қаңтарда сағат 19.05-те жолға шығады.; - №215/216 пойызы Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 9 қаңтарда сағат 13.30-да жолға шығады. Пойыз Нұр-Сұлтан-1 вокзалына 10 қаңтарда сағат 11.35-те келеді. Дәл осы пойыз Нұр-Сұлтан қаласынан Алматыға ертең, 10 қаңтарда сағат 16.20-да шығады, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы