Қазақстанда бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстанда ең көп арзандағаны қияр болды. Ол 6,5%-ға арзандаған. Сондай-ақ келесі тауарлардың да бағасы төмендеді:
-
қызанақ (-4,1%);
-
сәбіз (-2,1%);
-
сүйексіз сиыр еті мен жұмыртқа (әрқайсысы -0,6%-дан);
-
сүйекті сиыр еті (-0,3%);
-
балық (-0,1%).
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қызылорда мен Жезқазғанда (-0,4%-ға), Петропавл, Өскемен, Қарағанды, Түркістанда (әрқайсысында -0,2%-дан), Алматыда (-0,1%-ға) төмендеді. Ал Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Семей және Тараз қалаларында баға бұрынғы деңгейінде сақталды, – деп атап өтті мамандар.
Олардың мәліметінше, Қазақстан бойынша қиярдың орташа бағасы келісіне 549 теңгені құрады. Ал ең арзан қияр Атырауда сатылуда - келісіне 365 теңге.
Бюро сонымен қатар бірінші санатты жұмыртқаның он данасының орташа құны 563 теңге болғанын хабарлады. Ең арзан жұмыртқа Қызылордада сатылады - он данасы 460 теңге.
Ал Қазақстанда ақталған күріштің орташа құны келісіне 533 теңгеге жетті. Күріштің ең төменгі бағасы Қызылордада тіркелді - келісіне 456 теңге.