Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда қар барысының саны екі есе өсті

30 Қыркүйек 2025, 16:19
664
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Қазақстанда қар барысының саны айтарлықтай көбейген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, барыстың санын қалпына келтіру үшін бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылған.

Негізгі мекендеу аумақтарында жалпы ауданы 3,6 млн гектарды қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құрылды (Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Көлсай көлдері, Алтын-Емел, Сайрам-Өгам, Жоңғар-Алатауы, Шарын, Тарбағатай, Катонқарағай, сондай-ақ Қаратау мен Батыс Алтай мемлекеттік қорықтары және басқа да қорықтар). Қазіргі таңда қар барысының мекендеу аумағының шамамен 70%-ы ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие, – деді Нұркен Шәрбиев.

Сонымен қатар 11 қар барысына спутниктік қоңыраулар тағылды. Алынған деректердің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін жетілдіру жоспарланып отыр.

Қар барысын қорғау және мониторинг жүргізу бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында біз 90-жылдардағы (80–100 дара) сыни деңгейден түрдің санын екі еседен астам арттырып, шамамен 189 дараға жеткіздік, – дейді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін депутат Арман Өтеғұлов қызыл қасқыр мен қар барысы жойылып кетуі мүмкін екендігін айтып, дабыл қаққан болатын.

Өзгелердің жаңалығы