Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен бірлесіп, елдегі барлық орман шаруашылықтарында өртті ерте анықтау жүйелерін тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның мақсаты – өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты бағалау және орман аумақтарын тиімді мониторингтеу. Тексеру Ақмола облысындағы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде басталды. Жабдықтардың техникалық жағдайы мен бейнесигнал тұрақтылығы бағаланып, қызмет көрсетуші ұйымға өрт белгілерін жедел анықтауды жақсарту бойынша ұсынымдар берілді.
Жүйе Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығымен біріктірілген, бұл нақты уақыт режимінде бақылау жүргізіп, ықтимал қауіптерге жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.
Тексеру жұмыстары Алматы қаласы мен Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарының орман шаруашылықтарын қамтитын болады.