Қазақстанда оң демократиялық үрдіс орныға бастады - Халық жазушысы

11 Қаңтар 2024, 17:12
512
Бөлісу:
Қазақстанда оң демократиялық үрдіс орныға бастады - Халық жазушысы
Фото: автордан

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған мақаласына Қазақстанның Халық жазушысы Ахметжан Ашири пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Президент көпшіліктің пікіріне өз ұстанымын білдіріп, бірқатар мәселелердің дұрыстығын көрсетті. Онда қаңтар оқиғасы билік пен ескі жүйе арасындағы қайшылық туралы 50-ге жуық әңгімеге нүкте қойды. «Бұрын кім едік, қазір кімбіз, ең бастысы, болашақта кім боламыз» деді ол. Сондай-ақ «біз өткенмен өмір сүреміз. Керісінше, болашағымызды нұрландырып, ұлттың ұлылығын еңбекпен, тәжірибемізбен дәлелдеуге ұмтылуымыз керек» деп қосты. Мемлекет басшысы еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айтты. Тәуелсіз елдің іргетасы – білім десек, жаңа дәуірдің күн тәртібіндегі ең маңызды да негізгі мәселе – білім мен ғылымды дамыту. Қазақстанда оң демократиялық үрдістер орныға бастады деп айтуымызға болады. Біздіңше, енді алдағы уақытта осы саяси үрдіс тек жекелеген бірнеше ғана емес, еліміздегі барлық аудан, қала басшыларын, одан соң мегаполистер мен облыс әкімдерінің тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайлануына жалғасады. Сол кезде еліміздегі барлық экономикалық, әлеуметтік проблемалардың шешімі бұрынғыдай тек Президент пен Үкіметтен ғана емес, әлгі халықтың өзі сайлап қойған әкімшілік институттарының басшыларынан тікелей сұралатын болады,- дейді Қазақстанның Халық жазушысы Ахметжан Ашири.

Оның айтуынша, саяси мәселелер ушығып тұрған кезде, саясатты айналып өту мүмкін емес.

Байқап отырсақ, саяси мәселелердің алдыңғы қатарға шығуы заңды. Бүгінгі таңда саяси мәселелер ушығып тұрған кезде, саясатты айналып өту мүмкін емес. Әсіресе сыртқы және ішкі саясат туралы өрбіген әңгімеде көп нәрселер қамтылған. Оның кейбіреуі бір сөйлемнен айтылған күннің өзінде де астары бар деп ұға білуіміз керек. Президентіміздің кәнігі дипломат екенін еске салған жөн болар. Өйткені бұл кісі Сыртқы Істер Министрлігінде он жылдан астам уақыт жұмыс істеген, бірнеше тіл біледі, көптеген шетелдегі адамдармен қарым қатынас жасаған. Сол тәжірибенің бәрі бүгінгі таңда сыртқы саясатты жүргізуге ықпалын тигізіп отыр деп айта аламыз,- дейді Қазақстанның Халық жазушысы Ахметжан Ашири.

Қазақстанда оң демократиялық үрдіс орныға бастады - Халық жазушысы
Өзгелердің жаңалығы