Қазақстанда несие алу қиындай ма? Ұлттық банк түсіндірді

Қазақстанда кредит беру ережесі өзгеруі мүмкін.

Бүгiн 2026, 13:56
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 13:56
Бүгiн 2026, 13:56
116
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов тұтынушылық несиелерге қатысты жаңа реттеу тетіктері қарастырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалауға арналған жаңа макроэкономикалық құрал – борыш жүктемесінің коэффициентін (DTI) енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Бұл құралды біз асықпай, кезең-кезеңімен енгіземіз. Қазір тұтынушылық несиелеу көлемі біршама төмендеді, бұл – оң үрдіс. Себебі бизнеске берілетін несиелер өсіп келеді, ал азаматтардың шамадан тыс қарызға батпауы маңызды, - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк тұтынушылық несиелеуді қатаң түрде шектеуді көздеп отырмағанын атап өтті. Қазіргі таңда нақты шешім қабылданбаған, барлық параметр қосымша талқылануда.

Бөліп төлеу (рассрочка) – маңызды фактор. Ол да азаматтың жалпы қарыз жүктемесіне әсер етеді. Сондықтан бұл құралды есептеу жүйесіне енгізу қажет. Бірақ алдымен деректерді толық жинау мәселесін шешу керек. Қазір кредиттік бюроларда бөліп төлеу бойынша толық ақпарат жоқ, - деді Тимур Сүлейменов.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде жаңа талаптар тек классикалық несиелерге қатысты енгізіледі, кейін басқа қаржылық міндеттемелерді де қамтуы мүмкін.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда ипотека шарттары өзгереді. Елімізде ипотека бойынша шекті мөлшерлемелер енгізіледі.

Белгілі болғандай, жазда доллар қымбаттауы мүмкін. Оның себебін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндірді.

Наверх