Елімізде мұнай-газ саласында 220 мың адам жұмыс істейді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мұнай-газ саласы тұрақты экономикалық дамудың негізгі драйверлерінің бірі. Бүгінде салада 1300 астам кәсіпорында 220 мыңға жуық адам жұмыс істейді, - деді министр.
Сәтқалиевтің сөзінше, жалпы ішкі өнім құрылымында мұнай-газ саласының үлесі шамамен 16%.
Мұнай ел бюджетіне түсетін түсімдердің 28%-дан астамын және экономикаға инвестицияның 15%-дан астамын қамтамасыз етеді.
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында мұнай саласын дамыту перспективалары талқыланып жатыр.