Қазақстанда Менделеев кестесіндегі барлық минерал бар - Адесида Илесанми

5 Қыркүйек 2023, 12:13
682
Бөлісу:
Қазақстанда Менделеев кестесіндегі барлық минерал бар - Адесида Илесанми

Бұл туралы Бұл туралы Назарбаев университетінде зерттеу және өңдеу тақырыбында өтіп жатқан семинарда Назарбаев университетінің президенті, профессор Адесида Илесанми айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Назарбаев университетінің президенті, профессор Адесида Илесанми семинарда талқыланып жатқан мәселені Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Жолдауында ерекше атап өткенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше күн бұрын халыққа Жолдауында бүгін біз талқылайтын мәселелер жайлы айтқан болатын. Біздің міндетіміз-электроника мен энергетикалық объектілерді жасау үшін қолданылатын жаңа минералдар, сирек кездесетін металдармен жұмыс барысын талқылау және оны зерттеу, - деді ол.

Профессор Қазақстандағы Еуропалық Одақ делегациясына, Ғылым қорына және Ғылым комитетіне алғысын айтты.

Назарбаев университеті халықаралық зерттеу университеті саналады. Біздің мақсатымыз - алға жылжу, әртүрлі бағытта жаңа жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыруға көмексету. Қазақстанда металлургия, химиялық заттар өндірісінде қолданылатын Менделеев кестесіндегі барлық минерал бар, - деп атап өтті Адесида Илесанми семинарда.

НУ басшысы басқа университеттермен осы салада бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы