Қазақстанда мәслихат сайлауына сайлаушылардың 58,55%-ы қатысты

Сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың жартысынан астамы дауыс берген

 ortalyq.kz 29 Қараша 2026, 20:23
29 Қараша 2026, 20:23
139
Фото: ortalyq.kz

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауына қатысқан азаматтардың үлесі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 58,55 пайыз болды. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссиясы жариялады.

Аумақтық сайлау комиссияларының дерегіне сәйкес, ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 77,58%. Одан кейін Ақтөбе облысы – 75,69% және Жетісу облысы – 74,09%.

Қызылорда облысында сайлаушылардың 71,58%-ы дауыс берді. Абай облысында бұл көрсеткіш 68,22%, Шығыс Қазақстан облысында 65,48%, Солтүстік Қазақстан облысында 62,75% болды.

Жамбыл облысында сайлаушылардың 61,92%-ы, Маңғыстау облысында 61,86%-ы, Алматы облысында 60,41%-ы, Павлодар облысында 60,23%-ы дауыс берді.

Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:

  • Қостанай облысы – 57,14%;

  • Қарағанды облысы – 56,42%;

  • Ақмола облысы – 56,08%;

  • Батыс Қазақстан облысы – 55,27%;

  • Ұлытау облысы – 54,61%;

  • Атырау облысы – 54,16%.

Республикалық маңызы бар қалалар арасында Шымкентте сайлаушылардың 44,72%-ы, Астанада 42,92%-ы, Алматыда 37,70%-ы дауыс берген.

Наверх