Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда ипотека жойылып кетуі мүмкін бе? – Ұлттық банк түсініктемесі

Нұрқанат Атажан
11 Шілде 2025, 17:46
6776
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

Ипотеканың ең жоғарғы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендейтін болса, Қазақстандағы банктер ипотека беруді тоқтата ма? Бұл сұраққа Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ипотека пайызы негізіген жазда төмендеуі тиіс болатанын, алайда өзгеріс қараша айына шегерілген еді.

Қазіргі базалық мөлшерлеме мен экономикадағы ақша құны жағдайында 10–15–20 жылға ипотека алу — бұл үлкен артық төлем деп санаймыз. Қазір “мен төлемді көтеремін” деуге болады. Алайда 10 жылдан кейін, сол пәтер үшін 3-4 есе артық төлеген кезде, бұл несиені төлеге қауқарың бола ма? Бұл маңызды мәселе, — деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, қаржы нарығын реттеу агенттігі (ҚНРДА) — бір жағынан қаржы реттеушісі, екінші жағынан тұтынушы құқығын қорғайтын орган ретінде, ипотека бойынша шешімдерді өте мұқият қабылдауы керек.

Қазір тек ипотека берсек болды деген көзқарас дұрыс емес. Кейін не боларын да ойлау керек. Агенттік 20% деген шекті мөлшерлеме ұсынды, біз бұл ұсынысты қолдадық. Бірақ агенттік әлі ішкі нормативтер мен тәсілдерді есептеп бітіруі керек екенін айтты, біз келістік. Соңғы шешім содан кейін қабылданады”, — деді ол.

Сүлейменов алдағы уақытта ипотека алу шарттары да қатаңдауы мүмкін екенін жоққа шығармады:

Бәлкім, бастапқы жарнаға қойылатын талап жоғарылайды немесе табысқа қатысты талаптар күшейтіледі. Яғни, “қазір ала саламын” дегеннен гөрі, “кейін төлей аламын ба?” деген ой басым болу керек. Бұл реттеушінің басты міндеті. Бұл, бірінші кезекте, тұтынушыны қорғау, — деп түйіндеді Ұлттық банк басшысы.

Еске салайық, бұған дейін сарапшылар ипотека мөлшерлемесінің 25%-дан 20%-ға түсуі баға нарығына да, қазақстандықтардың сатып алу қабілетіне де елеулі әсер етпейді деген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы