Қазақстанда хостелдер саны артып келеді

19 Шілде 2023, 21:50
447
Бөлісу:
Қазақстанда хостелдер саны артып келеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлік болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл көрсеткіш былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 92 бірлікке артық. Оның 2215-і – қала аумағында, қалған 1633-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Оның ішінде (2022 жылғы 1-тоқсанмен салыстырғанда):

  • Мейрамханасы бар қонақ үй – 751 (-48)
  • Мейрамханасыз қонақ үй – 1450 (+42)
  • Демалыс үйі – 96 (+9)
  • Демалыс пансионаты – 28 (0)
  • Балалар лагері – 110 (-1)
  • Туристік база – 52 (0)
  • Кемпинг – 38 (+4)
  • Хостелдер – 111 (+35)

Орналастыру орындарының ең көп саны дәстүрлі түрде Алматы қаласы – 337 және Жетісу облысында - 334. Ең азы  Ұлытауда – 24 орын.

Өзгелердің жаңалығы