Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда ет тапшылығы жоқ – АШМ

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
13 Тамыз 2025, 16:49
534
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Қазақстанда ет өнімдеріне тапшылық жоқ, керісінше өңделген өнім экспорты артып келеді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясаттың басты бағыты – ел ішіндегі етті мал шаруашылығын дамыту және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайту.

Экспорт көлемі жылдан-жылға артып келеді. Бұған дейін 60 мың тоннаға жету бойынша биік мақсаттар қойылған еді. Біз бұл көрсеткіштерді де асырып түсеміз деп ойлаймын, – деді вице-министр.

Азат Сұлтанов сонымен қатар мал өсірушілерге арналған жаңа қаржыландыру бағдарламасы туралы да айтып өтті. Бұл бағдарлама аясында азаматтар бордақылау алаңдарынан 5% мөлшерлемемен, субсидиясыз қаржы ала алады.

Қазір тұрғындардан малды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Бұл ретте фермерлер жоғары пайызды несие үшін артық шығынға ұшырамайды, – деп түсіндірді ол.

Сұлтанов Қазақстанда етке де, мал басына қатысты да тапшылық жоқ екенін жеткізді.

Бұған дейін елімізде ет бағасы неге қымбаттап жатқанын жаздық.

Сондай-ақ бүгін Жұманғарин етпен айналысатын кәсіпорындарға 44 млрд теңге берілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы