Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Қазақстанда енді психологтардың арнайы тізімі жасалуы мүмкін

Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар жаңа заң жобаларын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс комитеттері жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

– психологиялық қызмет туралы;
– Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша ілеспе түзетулерімен;
– Қазақстан мен Австрия үкіметтері арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов психологиялық қызмет туралы заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Бұл жоба алғаш рет психологиялық қызметті заңнамалық деңгейде реттейді. Құжат азаматтарымыздың психологиялық денсаулығын қорғау үшін маңызды қадам. Заң жобасында психологиялық қызметтің қағидаттары, оның түрлері және мазмұны нақтыланады. Психологтарға бірыңғай кәсіби стандарт енгізіледі. Енді жоғары білім бағдарламалары мен біліктілік арттыру жүйесі де дәл осы стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Барлық психолог арнайы тізімге біріктіріледі. Бұл нарықты жүйелеу және біліктілігі жоқ адамдардың қызметіне тосқауыл қою үшін қажет шешім, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы