Мәжілістің жалпы отырысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында қандай шаралар қабылданатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, заң аясында салаға “ең қарапайым жасырын паналар” деген жаңа ұғым енгізіліп жатыр. Бұл халықты қорғау мақсатында арнайы жабдықталған жерасты паркингтері мен жертөлелер.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың тиімді жүйесі үшін заң жобасында бірқатар қосымша механизмдер көзделген. Мәселен, жаһандық және өңірлік ТЖ кезінде тұрақты жұмыс істейтін Республикалық жедел штаб құрылып жатыр. Оның негізгі функциялары - төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ іс-шаралардың орындалуын бақылау, - деді Әрінов Мәжілісте.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктері кеңейтіліп жатыр.
Бұл объектілік масштабтағы төтенше жағдайларды жариялау. Дала өрттерін сөндіру жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Осыған байланысты оларға дала өрттерін сөндіруге қатысушыларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету бойынша функциялар беріледі, - деп айтты ведомство басшысы.
Сондай-ақ оларға халықты төтенше жағдайлар кезіндегі алғашқы іс-қимылдарға үйрету үшін орталықтарды жартылай жабдықтау жүктелген.
Айта кетейік, тағы бір мамандарға тұрғын үй төлемдері мен үстемеақы берілетіні туралы осыған дейін жаздық.