Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

11 Шілде 2023, 18:23
938
Бөлісу:
Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды
PHOTO
Фото: МСМ баспасөз қызметі

Соңғы 2,5 жылда Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны - 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12.

Мәдениет және спорт министрлігі түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

Мысалы, соңғы 3 жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырды. Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды, олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді.

Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

Қазіргі уақытта тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр. Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да кеміп жатыр. Соңғы 5 жылда олар 2,5 есе азайды. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлікті құрайды.

Қазақстанда букмекерлік кеңселер саны 2 есеге азайды

Мәдениет және спорт министрлігі букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. Мәселен, 2023 жылдың басынан министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды,- деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өзгелердің жаңалығы