Қазақстанда банкроттық заңына маңызды өзгерістер енгізілді

Жаңа нормалардың кейбірі қазірдің өзінде күшіне енді.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 20:46
Бүгiн 2026, 20:46
164
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда 2026 жылдың басынан бастап физикалық және заңды тұлғалардың банкроттығы жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізілді. Жаңа нормалардың кейбірі қазірдің өзінде күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзгерістер 2026 жылдың 16 қаңтарында қол қойылып, Қазақстан Республикасының «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» және «Реабилитация және банкроттық туралы» заңдарына қатысты.

Соңғы жылдары заңды тұлғалардың банкроттығы саласы шамалы өзгергенімен, құқықтық қатынастардың дамуы жаңа тәсілдерді қажет етті.

Бұл саладағы құқықтық қатынастардың динамикасы процедуралардың тиімділігін арттыру үшін жаңа қадам жасауды қажет етеді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін қолайлылықты қамтамасыз ету мақсатында өзгерістер кезең-кезеңімен енгізілуде, – делінген түсіндірмеде.

2026 жылдың 19 наурызынан бастап негізгі өзгерістер күшіне енді.

Өзгерістер банкроттық басқарушыға қосымша құқықтар беру, уақытша басқарушыны қызметінен алу функциясын енгізу және кредиторларды хабардар ету тәсілдерін кеңейту сияқты мәселелерді қарастырады, – деп атап өтілген құжатта.

Сонымен қатар, кейбір процедуралар нақтыланды.

Банкрот деп тану туралы өтінішпен қайта жүгінудің мерзімі белгіленеді, сондай-ақ салық органдарыдан басқа кредиторлар болмаған жағдайда реабилитация қолданылмайды, – делінген түсіндірмеде.

Сонымен бірге кредиторлар жиналысының жұмысына және қарыз алушының мүлкін сатуға қатысты нормалар енгізілді.

Осы өзгерістер жүйені ашық әрі әділ етуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған өзгерістер реабилитация және банкроттық процедураларын теріс пайдалану әрекеттерін азайтып, олардың ашықтығын арттырады, – деп атап көрсетілген хабарламада.

Айта кетейік, реформалау жұмысы әлі жалғасуда. Қазіргі уақытта Мәжілісте әкімші мәртебесін көтеру және кредиторлардың құқықтарын кеңейтуге бағытталған қосымша түзетулер қаралуда.

Наверх