Қазақстанда балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

21 Маусым 2022, 20:29
1716
Бөлісу:
Қазақстанда балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір жылда Қазақстанда аяқкиім 10% қымбаттаған. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады. 

2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқкиім шығарылған. Бұл былтырғы көсреткіштен 13,3% аз. Өңірлер арасында бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр - 253,3 мың жұп ақякиім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) областары тұр. 

Отандық өндірушілер 2022 жылдың бірінші тоқсанында халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп ақкиім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз, - деп жазылған сайтта шыққан ақпаратта. 

2022 жылдың мамыр айындағы қорытынды бойынша, аяқкиім бағасы 9,7% өскен. Еnergyprom.kz-тің жазуынша, кейінгі 4 жылда бірінші рет осындай қымбатшылық байқалып отыр. Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әр түрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен. Бір жыл ішінде бәрінен бұрын балалар аяқ киімі – 14,2%. Әйелдер аяқ киімі 8,8%, ерле аяқ киімі 7,9% қымбаттады.

Өзгелердің жаңалығы