Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі

13 Наурыз 2024, 11:32
299
Бөлісу:
Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау күшейтіледі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Елімізде азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасы қабылданбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Әділет министрі Азамат Есқараев заң жобасының негізгі бағыттарына тоқталды.

Ол азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған шаралар жайлы айтып берді.

Олар мыналар:

- азаматтарды қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуды болдырмау;

- бұзушылықтарды және сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету үшін істі «пысықтауға» прокурорға қайтару мүмкіндігін болдырмау;

- кәсіпкерлік субъектілерін ревизиялау және тексеру ісін жүргізуді прокурормен міндетті түрде келісуді белгілеу;

- тінту, жеке тінту және алуды жүзеге асыру бойынша санкцияның 10 күндік мерзімін белгілеу;

- бұрын «қорғалуға құқығы бар куә» ретінде болған адамның айғақтарын дәлел ретінде пайдалануға тыйым салу;

- адамдардың өліміне байланысты емес аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу мүмкіндігін беру;

- қорғалуға құқығы бар куәні сараптамаға бастамашылық жасауға құқығы бар адамдар шеңберіне біріктіру;

- жазаның мөлшерлес болуын, сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасын қамтамасыз ету мақсатында кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша еселенген айыппұлдарды енгізу.

Бұған дейін Қазақстанда меморгандар арасындағы дауларды Үкімет шешетіні белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы