Қазақстанда әйелдер саны 9,9 миллионға жетті

Қазақстанда әйелдер саны 9,9 миллионға жетті
1443

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 1 наурызында Қазақстандағы әйелдер саны 1,2% өсіп, 9,9 миллионға жетті, деп хабарлайды Informburo.kz. 

Жыл сайын елде әйелдер үлесі азайып келеді:

  • 2017 жылдың 1 наурызында тұрғындардың 51,62 пайызын;
  • 2018 жылы – 51,58;
  • 2019 жылы – 51,54;
  • 2020 жылы – 51,51;
  • 2021 жылы – 51,48;
  • 2022 жылы 51,43 пайызын құрады.

Өңірлер бойынша Алматы және Түркістан облысы, Алматы қалаларында әйелдер көп болса, Солтүстік Қазақстанда керісінше аз.

29 жасқа дейінгі азаматтар ішінде әйелдердің саны басым. Ал 30-49 жас аралығындағы азаматтар арасында әйелдер мен ерлердің саны тең.

50-ден 59 жасқа дейінгі әйелдер үлесі 53,6 пайызды құрағанымен, 60 жастан бастап олардың саны күрт артып, 72,1 пайызға жетеді.

2021 елімізде жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,3 миллионға жетті. Әйелдердің басым бөлігі сауда және авто жөндеу саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар білім беру, агроөнеркәсіп, құрылыс салаларында еңбек ететін әйелдердің үлесі басым.


Фото: ашық дереккөз