Қазақстанда "автодозвондарға" тыйым салынады: Жаңа ереже 28 маусымнан күшіне енеді

Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 18 маусымда қол қойды.

Бүгiн 2026, 19:11
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов Бүгiн 2026, 19:11
Бүгiн 2026, 19:11
147
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артём Чурсинов

Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрыққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 18 маусымда қол қойды.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа нормалар азаматтардың құқықтарын қорғауға, байланыс қызметтерінің ашықтығын арттыруға және цифрлық ортадағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Ақылы қызметтерді қосу тәртібі өзгереді

Жаңа талапқа сәйкес, енді қосымша ақылы байланыс және интернет қызметтері абоненттің екі мәрте келісімінсіз қосылмайды.

Пайдаланушы өз келісімін жеке кабинет, SMS-хабарлама, телефон қоңырауы немесе USSD-сұраныс арқылы растай алады.

Бұл өзгеріс азаматтарды өздері қаламаған ақылы қызметтердің автоматты түрде қосылып кетуінен қорғауға мүмкіндік береді.

«Маяк» қоңырауларына тыйым салынады

Қағидалардағы тағы бір маңызды жаңалық – операторларға жіберіп алынған қоңыраулар туралы хабарлау үшін қысқа «маяк» қоңырауларын пайдалануға толықтай тыйым салынды.

Бұған дейін мұндай қызметті өшіру мүмкіндігі болғанымен, тәжірибеде бұл функция екі абоненттің де қызметтен бас тартқан жағдайда ғана жұмыс істейтін.

Енді бұл техникалық қайшылық жойылып, «маяк» қоңырауларының орнына SMS-хабарлама жіберіледі.

Жарнамалық хабарламалардан оңай бас тартуға болады

Жаңа ережелер пайдаланушыларға байланыс операторларының кез келген жарнамалық және ақпараттық хабарламаларынан оңай бас тарту мүмкіндігін береді.

Министрлік бұл шара азаматтардың жеке кеңістігін қорғауға және қажетсіз хабарламалардың санын азайтуға бағытталғанын атап өтті.

Балаларға SIM-карта рәсімдеу тәртібі күшейтілді

14 жасқа толмаған балаларға ұялы байланыс нөмірін тіркеу кезінде қауіпсіздік талаптары да қатаңдатылды.

Енді нөмірді тек заңды өкілдері ғана биометриялық сәйкестендіру арқылы рәсімдей алады.

Сонымен қатар бір кәмелетке толмаған балаға тек бір ғана ұялы байланыс нөмірін тіркеуге рұқсат беріледі.

Өзгерістер қашан күшіне енеді?

Жаңа нормалар 2026 жылғы 28 маусымнан бастап күшіне енеді.

Министрліктің мәліметінше, енгізілген өзгерістер тұтынушылардың құқықтарын қорғау және цифрлық сервистердің сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі саналады.

Наверх