Алдағы үш тәулік ішінде, яғни 29-31 қаңтар аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты елдің көп өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінде қалып, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Сондай-ақ төменгі боран мен көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында 31 қаңтар күні күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжануда.
Республика бойынша тұман түсіп, кей өңірлерде желдің күшеюі байқалады, - деп хабарлады мамандар.
Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. 31 қаңтар күндіз:
• батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы –5°С-тан +5°С-қа дейін,
• солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде –2°С-тан –10°С-қа дейін жетеді.
Мамандар жолға шығатын азаматтарға ауа райының күрт өзгеруін ескеріп, сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 28 қаңтарда −30°C дейін аяз болып, қар жауатынын хабарлаған еді.