Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

Синоптиктер 2026 жылғы 2–4 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады.

 ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 15:07
Бүгiн 2026, 15:07
240
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

"Қазгидромет" РМК алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде оңтүстік циклонының әсерінен тұрақсыз күн райы орнайды.

Жауын-шашын

Кезеңнің басында солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталғанымен, батыстан жылжыған циклон жағдайды өзгертеді. Алдағы күндері солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда найзағай жарқылдап, кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс өңірлерде бұршақ жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Сондай-ақ, түнгі және таңғы уақыттарда еліміздің бірқатар өңірінде тұман түседі.

Температураның құбылуы:

  • Оңтүстік өңірлерде: Алғашқы күндері ауа температурасы +32°С-қа дейін көтерілгенімен, кейін +18…+25°С-қа дейін төмендейді.

  • Солтүстік пен солтүстік-батыста: Температура +15…+25°С-тан +12…+20°С-қа дейін салқындайды.

  • Батыста: Керісінше, жылыну үрдісі байқалады. Мұнда сынап бағанасы +13…+20°С-тан +18…+25°С-қа дейін жоғарылайды.

  • Шығыс пен оңтүстік-шығыста: Жылы көктемгі ауа райы сақталып, термометр көрсеткіштері +26…+30°С-қа дейін жетеді.

  • Орталықта: Ауа температурасы +15…+25°С шамасында тұрақты болады.

Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгеруіне, әсіресе желдің күшеюі мен нөсер жаңбырға дайын болуды ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін 1 сәуірде елімізде жаңбыр, найзағай және күшті жел болатыны хабарланды. 

Сондай-ақ, сәуір айында ауа райы қандай болатыны айтылды. 

Наверх