Кірістер комитеті жалпыға бірдей декларациялауға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
- Биыл Қазақстанда қанша адам декларация тапсыруға тиіс?
2024 жылы декларацияны шамамен 2,4 млн жеке тұлғалар тапсырады. Олар заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары.
- Осы уақытқа дейін әлі қанша адам тапсырған жоқ?
Биыл активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан.) ұсынуға тиіс 2,4 млн жеке тұлғаның 1,1 млн жеке тұлғасы немесе 46%-ы декларацияны табыстады.
- Декларацияны қалай тапсыра аламыз және қашанға дейін?
2024 жылдан бастап декларацияны табыс етудің бірыңғай мерзімі 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін деп белгіленді. Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша декларацияны тапсыруы керек.
Электрондық нысанда декларацияны "Салық төлеушінің кабинеті" МКК web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "электрондық үкімет" порталы (egov.kz), moldir.qoldau.kz, сондай-ақ E-Salyq Azamat, eGov mobile, банктердің мобильді қосымшалары (HALYK, ЦентрКредитБанк, Kaspi.kz) арқылы ұсынуға болады. Декларациянын тапсыру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет емес, оны SMS-пароль арқылы жіберуге болады.
Қағаз түрінде салық декларациясын ХҚКО, мемлекеттік кірістер органдары немесе пошта бөлімшелері арқылы ұсынуға болады.
- 250 формасында не көрсетуі керек?
Активтер мен міндеттемелерді декларациялау ҚР және одан тыс жерлерде болуы туралы ақпаратты көрсету көзделеді:
1) Шет мемлекетте тіркелген мүлік:
жылжымайтын мүлік, жер уаскелері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, өзен-теңіз жүзу кемелері;
көлік, арнайы техника және (немесе) тіркемелер;
ҚР тыс жерлерде орналасқан шетел банктерндегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша 1000 АЕК мөлшерінен жиынтық асатын сомада ақша*;
шетелдік компанияға қатысу үлесі;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүлік:
тұрғын үй құрылысына үлес
бағалы қағаздар, цифрлық активтер, туынды қаржы құралдары;
инвестициялық алтын;
зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері;
10 000 АЕК шегінде қолма-қол ақша;
31.12.2023 жылға дейін нотариалдық куәландырылған басқа тұлғалармен несиелік шарттар, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар алдындағы берешекті қоспағанда;
3) Құны 1000 АЕК асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлыр және т.б.) – бағалауды декларацияны тапсырғанға дейін жүргізілуі тиіс (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша)
- Келесі жылы жалпыға бірдей декларацияның төртінші кезеңі. Онда қанша адам тапсырады деп көзделуде?
Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары табыс етеді (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және басқалар). Жалпы 7,9 млн жеке тұлға қамтылады деп жоспарлануда.