Қазақстанда алғаш рет әкім басқармайтын қала салынады

Қала жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады.

 gov.kz Бүгiн 2026, 10:54
Бүгiн 2026, 10:54
130
Фото: gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Алатау қаласының басқару жүйесін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, қаланы әкім басқармайды.

Alatau City Authority стратегиялық дамуға негізделген жаңа мемлекеттік орган ретінде құрылады. Оның негізгі бағытын Премьер‑министр басқаратын кеңес айқындайды. Ал әкімшілік жұмысты Бас атқарушы директор жүзеге асырады, - деді вице-премьер.

Сонымен қатар ол кеңестің қызметіне де тоқталды.

Кеңес қаладағы негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды және әкімшілік актілерді бекітеді. Ал мәслихат пен әкімдік қаланың әлеуметтік, коммуналдық және қоғамдық мәселелеріне жауап береді, - деді Қанат Бозымбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда жаңа "ерекше қала" пайда болуы мүмкін.

Наверх