Қазақстанда АИИБ қаржысына 17 жоба жүзеге асырылуы мүмкін – Жұманғарин

23 Қыркүйек 2026, 12:32
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова 23 Қыркүйек 2026, 12:32
23 Қыркүйек 2026, 12:32
116
Фото: ©BAQ.KZ/Гүлжан Раманқұлова

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайда өткен брифингте BAQ.KZ тілшісінің сұрағына жауап берді.

Қазіргі уақытта АИИБ-пен бірлескен 7 жоба бар. Олардың жалпы сомасы 1,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар жел электр станцияларын салу бойынша екі жеке жоба бар. Тағы бір жобаның құжаттары тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек, Көкшетауда шамамен 625 орынға арналған ірі аурухана салынып жатыр, – деді ол.

Жұманғариннің айтуынша, қазіргі уақытта банкке 400 млн АҚШ доллары қайтарылған.

Министр тағы 2 млрд АҚШ доллары көлеміндегі жобалар қарастырылып жатқанын атап өтті.

Жоспарда 17 жоба бар. Олардың жалпы құны 5,3 млрд долларды құрайды. Бірақ қазір олардың тізімі әлі нақты емес, – деді Серік Жұманғарин.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан заңсыз жолмен алынған активтерді елге қайтару мүмкіндіктерін кеңейтетіні хабарланды

Сондай-ақ, Жұманғарин еліміздің сыртқы қарызы қанша деген сұраққа қатысты нақты цифрды айтты

Наверх