Қазақстанда АЭС салынса, не өзгереді? – сарапшылар пікірі

28 Тамыз 2024, 11:58
838
Бөлісу:
Қазақстанда АЭС салынса, не өзгереді? – сарапшылар пікірі
Фото: pixabay.com/ru

KazAtomExpo Халықаралық ядролық технологиялар көрмесінде АЭС мәселелеріне қатысты пленарлық сессиялар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Ғұмар Серғазин атом энергиясы қауіпсіз екенін айтып, АЭС салсақ елімізде қандай өзгеріс болатынын айтты.

Біз тек атом өнеркәсібінің болашағын емес, Қазақстанның бүкіл энергетикалық жүйесінің тұрақты дамуын анықтайтын маңызды таңдаудың алдында тұрмыз. Қазіргі таңда энергияға сұраныстың артуы мен көміртегі шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемелерді теңестіруіміз керек. Атом энергиясы қауіпсіз және таза энергия көзі ретінде осы тепе-теңдікке қол жеткізуде шешуші рөл атқара алады, – деді Серғазин.

Ол KazAtomExpo көрмесінің Қазақстан үшін маңызы ерекше екенін атап өтті.

Біз тек технологиялық жетістіктерді көрсетіп қана қоймаймыз, сонымен қатар болашақтың қиындықтарын жеңуге көмектесетін білім мен идеялармен бөлісеміз. Таза энергияны дамыту - әлем климатын өзгеруінің жаһандық қаупіне тиімді қарсы тұруын қамтамасыз етудің кілті, - деді Сергазин.

"Қазақстандық атом электр станциялары" ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, АЭС құрылысы атом индустриясы мен тұтастай ел экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

АЭС құрылысы елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлық әлеуетінің өсуіне, құрылыс кезеңінде 8 мыңға дейін жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 2 000-ға дейін сапалы жұмыс орнын құруға алып келеді. Бұл сондай-ақ жергілікті өнеркәсіпті дамытуға, өз отын базасының әлеуетін кешенді пайдалануға және 60 жылдан астам уақыт бойы сенімді энергиямен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Жалпы, АЭС құрылысы айтарлықтай экономикалық, әлеуметтік, техникалық және экологиялық артықшылықтарға ие, - деп Жантикин.

Сонымен қатар Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев ядролық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті нығайту ғылыми зерттеулер жасалатынын айтады.

Ядролық физика институты Атом энергетикасы және өнеркәсіп саласында белсенді зерттеулер жүргізіп жатыр. Біз атом энергетикасын одан да қауіпсіз және тиімді етуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар мен материалдарды әзірлеп жатырмыз, – деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 27 тамызда Үкімет Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізу жөнінде қаулы қабылдап, оны Президентке жолдады.

Өзгелердің жаңалығы