Қазақстанда 8,5 млн адамның банктерге қарызы бар

6 Наурыз 2024, 12:12
1374
Бөлісу:
Қазақстанда 8,5 млн адамның банктерге қарызы бар
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Үнзила Шапақ кредит беруге қатысты заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 8,5 миллион қазақстандықтың қаржы ұйымдарының алдында 19 трлн теңге сомасына берешегі бар, оның ішінде 8,2 миллион азаматтың кепілсіз тұтынушылық кредиттер бойынша берешегі 10 трлн теңге. Бұл ретте 1,6 млн азаматтың 90 күннен артық мерзім өткен 1,7 трлн теңгеге проблемалық кредиттері бар, - деп айтты депутат.

Шапақ атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында 2023 жылғы 20 қазанда мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, тәуелсіз сарапшылар мен қоғам белсенділерінің қатысуымен халықтың шамадан тыс кредит алуы мәселелері бойынша Парламенттік тыңдау өтті.

Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша жүйелі ұсынымдар кешені әзірленді, соның негізінде Мәжіліс депутаттары «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.

Өзгелердің жаңалығы