Қазақстанда 8 саяси партия тіркелген

13 Қазан 2026, 18:03
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 13 Қазан 2026, 18:03
13 Қазан 2026, 18:03
110
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда қазіргі уақытта 8 саяси партия ресми тіркелген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақсыбекова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Әділет министрлігі саяси партияларға қатысты тіркеуші органның функцияларын атқарады. Атап айтқанда, партияларды заңды тұлға ретінде құру, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату фактілерін тіркейді.

Бүгінде Қазақстанда «Әділет», «Ауыл», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы (ҚХП), Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП), «Байтақ», «Республика» және AMANAT партиялары тіркелген.

Вице-министрдің мәліметінше, аталған саяси партиялардың барлығы еліміздің барлық өңірінде өздерінің құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарын ашқан.

Айта кетейік, бұған дейін кім мәслихат депутаты бола алатыны, кандидатқа қойылатын талаптар туралы жаздық. 

Наверх