Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жем дайындалды

Бүгiн, 20:50
102
Бөлісу:
Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жем дайындалды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жем-шөп өндірісін дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің алаңдарын кеңейту, жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылығы техникасын сатып алу, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында ведомство жем-шөп өндірісін дамытудың Жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылы өңірлердің деректері бойынша жем-шөп дақылдарының егістік алқаптары 3,2млн. гектардан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 83,5 мың гектарға артық. Бұл ретте егістікке орналастырылатын жем-шөп үлесі шамамен 14%– құрады (2023 жылы-13%).
24,5 млн.тонна шөп (бір жарым жылдық – 36,7 млн. тонна), пішен - 1,7 млн. тонна, сабан – 4,6 млн. тонна, концкорм – 5,5 млн. тонна және сүрлем – 2,0 млн. тонна дайындау жоспарланған.

Ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша 32,1 млн.тонна көлемінде шөп немесе бір жарым жылдық жоспардан 87,6 %, 1,8 млн тонна пішен немесе жылдық жоспардан 108,5%, 2,5 млн тонна құрама жем(44,9%), 1,6 млн тонна сүрлем (83,5%) және 3,1 млн тонна сабан дайындалды (67,7%).

Жалпы, Қазақстанда жем-шөппен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты деп болжануда.

Өзгелердің жаңалығы