Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адамдарға елімізде дағдарыс орталықтары көмек көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары бірыңғай платформасындағы ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір елде мұндай 41 ұйым жұмыс істейді. Оның 14-і мемлекет меншігінде.
Орталық қызметкерлері жәбірленушілерге әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек береді. Шығыс Қазақстан облысында мұндай 5 әлеуметтік ұйым болса, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласында үшеуден бар. Қалған өңірлерде кемінде бір дағдарыс орталығы ашылған.
Дағдарыс орталықтары:
Астана – 2
Алматы – 2
Шымкент – 3
Ақмола облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Ақтөбе облысы – 3
Алматы/жетісу облыстары – 2
Маңғыстау облысы – 3
Атырау облысы – 2
ШҚО – 5
Абай облысы – 1
БҚО – 1
Қызылорда облысы – 2
Жамбыл облысы – 2
Қарағанды облысы – 3
Ұлытау облысы – 2
Павлодар облысы– 2
СҚО – 1
Түркістан облысында 2 орталық бар.