400 мыңға жуық қазақстандық банкрот болғысы келеді

Өтініштердің бір бөлігі заң талаптарының сақталмауына байланысты кері қайтарылған.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 16:19
Бүгiн 2026, 16:19
123
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда 396 мың азамат соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш берген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы сенатор Сұлтан Мәкежанов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде өткен отырыста мәлімдеді.

Бүгінде соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға шамамен 396 мың адам өтініш берген. Ал сот арқылы банкроттық рәсіміне 10 595 азамат жүгінсе, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін 12 223 адам пайдалануға ниет білдірген, - деді сенатор.

Сонымен бірге депутат өтініштердің бір бөлігі әртүрлі себептермен кері қайтарылып жатқанын айтты. Оның ішінде заңнаманың жетілмеген тұстары да әсер еткен.

Өздеріңізге белгілі, “Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы” заң 2023 жылдан бері қолданыста. Бұл құжат азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және халықтың шамадан тыс кредиттік жүктемесі мәселесін шешуге бағытталған. Заңда банкроттықтың үш негізгі рәсімі көзделген. Олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Аталған тетіктердің барлығы тек борышкердің өз бастамасымен іске асырылады. Бүгінгі күні соттан тыс банкроттық рәсіміне шамамен 396 мың азамат өтініш берді. Алайда өтініштердің белгілі бір бөлігі түрлі себептерге байланысты қайтарылып жатыр. Негізгі себептердің қатарында банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келмеу, қарыз сомасы мен төлем мерзіміне қойылатын талаптарды бұзу, кредитормен сотқа дейінгі реттеу рәсімінің болмауы, жалған мәлімет ұсыну және рәсімдік талаптардың сақталмауы бар, – деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Сенатор сондай-ақ қаржы басқарушыларының қорытындыларында кездесетін қателіктер мен кемшіліктер де өтініштердің кері қайтарылуына себеп болып отырғанын атап өтті.

Айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң 2023 жылдан бері күшінде және халықтың шамадан тыс кредиттік жүктемесін азайтуға бағытталған.

Сондай-ақ заңда банкроттықтың үш негізгі тетігі қарастырылған. Олар – соттан тыс банкроттық рәсімі, сот арқылы банкроттық рәсімі және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Бұл рәсімдердің барлығы тек борышкердің өз бастамасымен жүргізіледі.

Наверх