Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді

28 Тамыз 2023, 22:08
881
Бөлісу:
Қазақстанда 3,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Фото: ашық дереккөз

ҚР ТЖМ «СОМЭ» сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 28 тамызда сағат 20:32-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 274 шақырымда орналасқан, - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8 .2.

MPV магнитудасы – 3.7.

Жер сілкінісі ошағының координаттары – 44.63° с. е. 79.69° ш. б.

Тереңдігі – 20 км.

Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ.

Өзгелердің жаңалығы