Қазақстанда 3 мыңға жуық дәрінің бағасы мемлекет бақылауында болады

Денсаулық сақтау министрлігі баға реттелетін дәрілік заттардың жаңартылған тізімін әзірледі.

 gov.kz Бүгiн 2026, 12:01
Бүгiн 2026, 12:01
217
Фото: gov.kz

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мемлекет баға реттейтін дәрілік заттар тізімін жоспарлы түрде жаңарту жөніндегі бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, бұл тізім жылына екі рет қайта қаралады. Жаңартылған нұсқаға созылмалы және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған рецептімен берілетін 2 903 дәрілік препаратты енгізу жоспарланып отыр.

Тізімді жаңарту мемлекеттік реттеу шараларын неғұрлым нақты бағыттауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде бақылау тетіктері пациенттер мен денсаулық сақтау жүйесі үшін аса маңызды дәрілік заттарға шоғырландырылады, – делінген құжатта.

Сондай-ақ өзгерістердің басты мақсаты халық үшін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі мен фармацевтикалық нарықтың тұрақты дамуы арасындағы тепе-теңдікті сақтау екені атап өтілген.

Жаңа тізімге нақты қандай дәрілік заттардың енгізілетіні әзірге хабарланған жоқ.

Дәрілік препараттар тізімін жаңарту жөніндегі жоба 7 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға шығарылады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан фармацевтика саласын қалай дамытып жатқаны хабарланды.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектердің заңсыз сатылғанын анықтады.

Наверх