Қазақстанда 252 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді

9 Шілде 2023, 20:30
666
Бөлісу:
Қазақстанда 252 микроқаржы ұйымы жұмыс істейді
Фото: Арман Мухатов - архив

Мұндай деректер «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.

Оған сәйкес, еліміздегі микронесие беру секторында 252 микроқаржы ұйымы өз қызметін жүзеге асыруға лицензия алған, бұл ретте 2022 жылдың басынан бастап 17 компания лицензиясынан айырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы заңнамасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы ұйымының әрекеті не әрекетсіздігі мәжбүрлеп таратуға немесе оны банкрот деп тануға әкеп соққан тұлғаларды есепке алуды жүргізу мүмкіндігі көзделмеген. Осыған байланысты олардың өзге қаржы ұйымдарында басшылық лауазымға орналасуына жол бермеу мақсатында осы тұлғалардың есебін және бақылауын жүргізуді ұсынады. Осылайша, уәкілетті орган жосықсыз адамдардың қаржы секторындағы лауазымдарға орналасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай алады», - делінген құжатта.

Өзгелердің жаңалығы