Қазақстанда 23 ауруға қарсы профилактикалық вакцинация жүріп жатыр

6 Маусым 2024, 16:00
1015
Бөлісу:
Қазақстанда 23 ауруға қарсы профилактикалық вакцинация жүріп жатыр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

ОКҚ-да өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин эпизоотиялық жағдайды сақтау бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 12 сібір жарасы көміндісін, сондай-ақ БҚО-да 8 мал қорымын су басты.

Министрліктің аумақтық бөлімшелері республикалық ветеринариялық зертханамен бірлесіп, осы көму орындарынан су кеткеннен кейін топырақ үлгілерін алды. Теріс нәтижелер алынғаннан кейін барлық көму орындары профилактикалық дезинфекция жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналау нәтижесінде эпизоотиялық жағдай сақталып, аурулар таралуының алдын алуға қол жеткізілді. Қазіргі уақытта 23 ауруға қарсы профилактикалық вакцинация жүргізіліп жатыр, 178,2 млн манипуляция жүргізу жоспарланған. 5 айдың қорытындысы бойынша малдарды вакциналау жұмысы 86,6%-ға орындалды, - деді вице-министр брифингте.

Бердалиннің айтуынша, жануарлардың қауіпті және созылмалы жұқпалы ауруларын анықтау мақсатында жануарлардың 26 аса қауіпті аурулары бойынша 74,9 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған, 24,3 млн диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Жануарлардың, оның ішінде адамдар мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларының қоздырғыштарын әкелуді және таратуды болдырмау мақсатында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Үшінші елдерге және ЕАЭО елдеріне қатысты 2024 жылы Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауына (Австралия, Үндістанның 4 штаты, АҚШ-тың 30 штаты), африкалық шошқа обасына (Италия, Польша, ОАР), қой мен ешкі шешегіне (Грузия), ұсақ күйіс қайыратындардың обасына (Грузия) уақытша шектеулер енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы