Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін

25 Сәуір 2022, 17:08
1637
Бөлісу:
Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2025 жылға қарай газ тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

Министрдің сөзінше, тұтыну көлемі жылына 7% шамасында өсіп отыр. 

2025 жылға қарай шамалы тапшылық болады деп болжап отырмыз. Егер біздің тау-кен металлургиялық кәсіпорындарымыз белсенді түрде көмірден газға көшетін болса, онда тапшылық елеулі болады, – деді Болат Ақшолақов Сенатта.

Ведомство басшысы атап өткендей, газдың рөлі әлемдік экономикада да, отандық экономикада да өсіп барады. Ел ішінде газ тұтыну 2017 жылдан 2021 жылға дейін 18 млрд текше литрге дейін өсті. Көмірге қарағанда газдан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдық аз болып саналады.

Газ қоры бойынша Қазақстан әлемде 22-орында, ТМД-да Ресей мен Түркіменстаннан кейін 3-орында.

Өзгелердің жаңалығы