Қазақстанда 14 млн-ға жуық адам әлеуметтік желіні пайдаланады

2 Маусым 2023, 15:55
1134
Бөлісу:
Қазақстанда 14 млн-ға жуық адам әлеуметтік желіні пайдаланады
Фото: Артём Чурсинов архив

Қазақстанда 14 млн-ға жуық адам әлеуметтік желілерді пайдаланады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов мәлімдеді.

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасын талқылап жатыр. Қайнар Ахетов заң жобасының негізгі мақсаттарын түсіндіріп берді.

Бұл заң жобасы алдымен қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарын толыққанды іске асыруға, онлайн платформалардағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге өз ықпалын береді. Сондай-ақ жарнамалық мазмұнды орналастыратын пайдаланушылардың жарнаманы таңбалау қажеттілігіне ерекше мән беріледі, - деді ол.

Қайнар Ахетов бүгінгі күнгі халықаралық тәжірибедегі бірнеше мәселені атап өтті.

Германияда 2018 жылы қабылданған заңға сәйкес 2 млн-нан астам жазылушысы бар медиа платформаларда зиянды ақпараттарды жоюға міндеттейді. 2022 жылғы 23 сәуірде Еуроодаққа қатысушы елдер қабылдаған заңнамаға сәйкес, шағым беру, өтініштерді қарау, контентті модерациялау және онлайн жарнама тетіктеріне көзделген әлеуметтік желі алгоритмдерін толық белгілеу көзделген, - деп түсіндірді департамент директоры.

Сонымен қатар соңғы мәліметтерге сәйкес Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің статистикалық деректері бойынша қазіргі күні 12 млн абонент қазақстандық құрылғыларда интернетке қол жеткізе алады.

Интернеттің енуі 85,9 пайыз. Қазақстанда 13 млн 800 мың адам әлеуметтік желілерді пайдаланады. Бұл Қазақстан халқының 70 пайыздан астамын құрап отыр. Facebook желісінде 2 млн 300 мың адам, Instagram-да 11 млн-нан аса, TikTok-та 7 млн-нан аса қолданушы бар, - деп мәлімет айтты ол.

Директордың айтуына қарағанда, осы заңның шеңберінде бұл қатынастар реттеледі.

Бұған дейін онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптар туралы хабарлаған болатынбыз.  

Өзгелердің жаңалығы