Онлайн платформа иелеріне қандай талап қойылады

2 Маусым 2023, 15:38
747
Бөлісу:
Онлайн платформа иелеріне қандай талап қойылады
Фото: BAQ.KZ архив

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Қайнар Ахетов заң жобасы жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жобасын талқылап жатыр.

Халықаралық тәжірибені қарағанымызда Еуропалық одаққа мүше елдер онлайн саладағы жұмыстарды заңдық тұрғыдан реттегенін байқаймыз. Заңның қабылдануы елдегі онлайн платформалардың қызметі үшін негіз жасайды деп есептейміз. Сондай-ақ онлайн жарнама, платформа саласындағы талаптарды нормативтік тұрғыда өзектендіруге мүмкіндік береді. Заң жобасында 4 блокты атап өтуге болатынын қарастырдық, - деді ол.

Ахетов онлайн платформа иелеріне қойылатын талаптарды қарастыру жайлы айтты.

Қазақ тіліндегі контентті модерациялау және монетизациялау, интерфейсті қазақ тіліне аудару мәселелері де бар. Интернет жарнама саласын экономикалық тұрғыдан қарастыру көзделген. Бұл жерде онлдайн платформаларды пайдаланушылардың жарнаманы таңбалауы, онлайн платформадағы экономикалық қызметті реттеу жұмыстары мен мазмұнға қойылатын талаптар бар, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы