Қазақстанда 104 стоматология лицензиясынан айырылды

Министрліктің мәліметінше, ел бойынша 500-ге жуық стоматологиялық клиника тексерілген.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 14:00
Бүгiн 2026, 14:00
117
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Елімізде 104 стоматология лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарастыМедициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, стоматологиялық клиникаларға жүргізілген тексерулердің қорытындысы шыққан.

Ел бойынша шамамен 500 тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде 104 стоматологиялық клиника лицензиясын өз еркімен тапсырған, - деп нақтылады комитет басшысы.

Сондай-ақ ол осыдан кейін олардың қызметі тоқтатылғанын айтты.

38 клиника бойынша материалдар сотқа жолданды. Қолданыстағы заң бойынша лицензия екі жағдайда қайтарылады: иесінің өз шешімімен немесе сот шешімі арқылы, – деді Бауыржан Жүсіпов.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жас жігіт тіс емханасында көз жұмған еді.

Наверх