Қазақстанда 100 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды

2 Мамыр 2023, 11:28
656
Бөлісу:
Қазақстанда 100 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды
Фото: egemen.kz

ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствоның брифингінде бүгінгі күнге дейін 100 мыңнан астам автокөлік заңдастырылғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігі елге былтырғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік автомобильдерді заңдастыруды жалғастырып жатыр.

23 қаңтардан бастап алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлікті заңдастыру мақұлданды, оның ішінде 100 мыңнан астам автокөлік заңдастырылды, - деді Шұғылы Тұрлыбек.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ІІМ Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Құжатта «автоқұрастырылымдар» деп аталатын, яғни қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген авто көліктерді заңдастыру шарттары айқындалады.

Жоба қазірдің өзінде Үкіметтің қарауына енгізілді және оған келесі аптада қол қойылады деп күтіліп отыр. Қол қойылғаннан кейін қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, содан кейін автоқұрастырылымдар заңдастырылады. Автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп түсіндірді ол.

Өзгелердің жаңалығы