Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында тұңғыш рет алтын медаль еншіледі

21 Шілде 2022, 09:38
1408
Бөлісу:
Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында тұңғыш рет алтын медаль еншіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан спорт тарихында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында тұңғыш алтын медалды жеңіп алды. 

Бұл туралы Sports.kz порталы хабарлады.

АҚШ-тың Орегона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нора Жеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алдына жан салмады. Ол аталған ара қашықтықты 8:53,02-де жүгіріп шықты. Осылайша ол Эфиопиядан келген қарсыласын басып озып, чемпион атанды.

Джеруто - Кения тумасы, Қазақстанға 2017 жылы көшіп келген. 2022 жылы ол әлем чемпионатында Қазақстан атынан шығуға ресми рұқсат алған.

Айта кетсек, Джеруто спорттық мәнсабында Гауһар лигасын алты рет жеңіп алған.
 

Өзгелердің жаңалығы