Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқан – ДСМ

28 Желтоқсан 2021, 09:20
1262
Бөлісу:
Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқан – ДСМ
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстан «жасыл» аймақта орналасқанын мәлімдеді.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні 15 өңір және «жасыл» аймақта орналасқан. Екі өңір – Солтүстік Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, - деді ол.

Репродуктивті көрсеткіш 0,96-ды құрайды. 

Сөзінше, емделіп шыққан адамдар санының науқастардан басым болуы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап емделіп шыққан адамдардың саны науқастардан 30%-ға артқан, - деп айтты Жандос Бүркітбаев.

Өзгелердің жаңалығы