Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты

7 Маусым 2022, 13:25
2205
Бөлісу:
Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Бұхара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы жас көшбасшыларының IV Форумы өтті.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты

Форумның ашылуында Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдад Әміреев Бұхара қаласына «Түркі әлемі жастар бастамаларының алғашқы астанасы» мәртебесін беру туралы ресми сертификатты тапсырды. 

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы атынан құрамында Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, музыка, спорт, креативті индустрия және IT салаларында жетістікке қол жеткізген талантты жастар бар делегация қатысты.

Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты

Форум жұмысы қоғам, ғылым, мәдениет және медиа жобалар - 4 өзекті бағыт бойынша жүргізілді. Іс-шарада жас көшбасшылар өздерінің ең үздік жобаларын таныстырды. Үздік спикерлердің қатарында «Аѕаг-Ume» қайырымдылық қорының жетекшісі Асхат Нұрмашев пен «Лайф-ньюс» әлеуметтік жобасының жетекшісі Динара Наумова болды. А.Нұрмашев баспанаға мұқтаж жандарға қолдау көрсететін «Аѕаг-Ume» қайырымдылық қорының қызметімен таныстырып, бұл қор халықтың көмегімен жиналған қаражатқа тұрғын үйге мұқтаж адамдарды баспанамен қамтамасыз ететінін айтты. Бұл жобаға басқа елдердің жастары қызғушылық танытып, болашақта осындай жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ниет білдірді. Д.Наумова тірек-қимыл аппараты бұзылған жас тұлғаларды оңалту жайында ой бөлісті, - дейді АБҚО Басқарма төрағасының орынбасары Жасұлан Бисембиев. 

Сонымен қатар, бұл күндері «Түркі әлемінің жастар саябағы» және «Бұхара - түркі әлемінің жастар бастамаларының алғашқы астанасы» монументі ашылды.

Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты

Айта кетейік, Жас көшбасшылар форумы туризмді дамыту, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы уақытқа дейін форум Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан сияқты елдерде өтті. Форум аясындағы іс-шаралар мен кездесулерге барлығы 10 мыңнан астам жас қатысты.  Келесі форум Түркияның Бурса қаласында өтеді деп күтілуде.

Қазақстан жастары Түркі мемлекеттері ұйымының Жас көшбасшылар форумына қатысты

Еске сала кетейік, жалпы Түркі әлемінде 2022 жыл «Жастар бастамаларын қолдау жылы» ұранымен өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы