Ұлттық банктің төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Инновациялық және цифрлық активтер басқармасының басшысы Арлен Молдабеков Қазақстандағы криптовалютаға қатысты жағдай қалай қалыптасқанын түсіндірді.
Арлен Молдабековтің сөзінше, криптовалютаны заңнамалық тұрғыда екіге бөлеміз.
Біріншісі қамтамасыз етілмеген активтер деп айтуға болады. Жалпақ тілмен тарқатсақ, биткоин дегеніміз – қамтамасыз етілмеген цифрлық актив. Екіншісі – қаржылық цифрлық активтер. Олар Ұлттық компанияның лицензиясын алған операторлардың цифрлық платформалары арқылы ремиссия жасалған құралдар, – дейді Молдабеков.
Цифрлық активтердің өзі үшке бөлінеді.
Біріншісі – стейлбкойндер. Оның базалық активі –ақша. Екіншісі, токенделген шынайы активтер. Оған алтын, жылжымайтын мүлік жатады. Үшіншісі – дәстүрлі қаржылық құралдардың цифрландырылған түрі. Мұның бәрі ұлттық банктің лицензиясы арқылы жұмыс істейтін провайдерлер арқылы қолжетімді, – дейді Молдабеков.
Оның сөзінше, Қазақстанның криптовалютаға көшуі нарыққа байланысты. Криптонарықты мемлекеттік ұйым ретінде реттеуші аймақ болып Ұлттық банк есептеледі. Ал нарықтың криптовалютаға қаншалық сенетініне сұранысқа байланысты.
Еске салайық, бүгін жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру заман талабы екенін айтқан болатын.
Оқи отырыңыз: Криптонарық бақылауда: 1 мамырдан бастап не өзгереді?