Қазақстан және Морокко Әділет министрліктері өзара ынтымақтастықты жолға қойды

4 Мамыр 2024, 13:27
265
Бөлісу:
Қазақстан және Морокко Әділет министрліктері өзара ынтымақтастықты жолға қойды
Фото: Әділет министрлігі

2 мамырында  Әділет министрлігінің Халықаралық құқық департаментінің басшылығы Марокко Корольдігі Әділет министрлігінің Азаматтық, құқықтық және сот істер департаментінің директоры Рашид Уадифи мырзаның басшылығымен келген делегациямен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әділет министрлігінің мәлімдеуінше, аталған келіссөздердің мақсаты ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту және азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі бірлескен жобаларды талқылау болды.

Қазақстан және Морокко Әділет министрліктері өзара ынтымақтастықты жолға қойды

Сонымен қатар екі ел арасында одан әрі өзара тиімді жұмыс бағыттарын құру үшін екі органның құрылымы мен қызметтерін бір-біріне таныстырды.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан және Морокко Әділет министрліктері өзара ынтымақтастықты жолға қойды

Кездесу қорытындысы бойынша талқыланып жатқан бірлескен жобаларға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы