Үндістанның Қазақстандағы елшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) бірлесіп Үндістан мен Қазақстан арасында машинажасау тауарлары мен қызметтері нарығын дамыту бойынша бизнес-конференция ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шара Үндістан мен Қазақстан арасындағы машинажасау тауарлары мен қызметтері саласындағы ынтымақтастыққа серпін беруге арналған. Талқылау Қазақстан-Үндістан инженерлік ынтымақтастығының болашағына және екі елдің ағымдағы ынтымақтастығына негізделген ең үздік қолжетімді заманауи шешімдерге бағытталған.
Үндістанның Қазақстандағы елшісі Шубхдаршини Трипати ханым өзінің құттықтау сөзінде Үндістанның машинажасау секторы соңғы бірнеше жылда инфрақұрылым мен өнеркәсіптік өндіріске инвестициялардың ұлғаюына байланысты айтарлықтай өсудің куәсі болғанын атап өтті.
Өндіріс және инфрақұрылым секторларымен тығыз байланысты. Машинажасау секторы Үндістан экономикасы үшін стратегиялық маңызға ие, - деп айтты Шубхдаршини Трипати.
Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова Қазақстанда машинажасаудың өсу қарқыны тұрақтылық пен тиімділікті көрсететінін атап өтті.
2022 жылы сала өндірісінің көлемі 3,1 трлн теңге болып, 2021 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті (2,4 трлн теңге). Үндістандық серіктестерді ЕАЭО-дағы ішкі нарықтың және перспективалы өткізу нарықтарының үлкен көлеміне байланысты Қазақстан Республикасын индустрияландыруға қатысуға шақырамын, - деп айтты вице-министр.
Үндістанттың жетекші салалық органдардың өкілдері, атап айтқанда, Үндістанның қызметтерді экспорттауға жәрдемдесу кеңесі (SEPC), Үндістанның машинажасау экспортына жәрдемдесу кеңесі (EEPC) және инвестицияларды көтермелеу және ілгерілету жөніндегі жетекші агенттік Invest India Үндістанның компаниялардың әлеуетін көрсету және ынтымақтастықты кеңейту жолдарын айту мақсатында презентациялар жасады.
Қазақстан машинажасау одағы директорының орынбасары Қуаныш Тайшыбеков елдің машинажасау нарығына талдау жасады. Ол одақ шетелдік кәсіпорындарға Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы экономикалық, қаржылық және құқықтық жағдайларды түсіндіруде көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Үндістан өнеркәсібінің өкілдерін 2023 жылы Қазақстандық машинажасау форумына қосылуға шақырамын.
Іс-шараға BMI bearings India, Van-Bent Minerals PVT, Distinct Techno Concept Pvt, Polymechplast Machines, Hilek Auto Industries, Rajendra Special Metals and alloys, Nexus alloys and Steels және т. б. сияқты жетекші Үнді инженерлік компаниялары, сондай-ақ қазақстандық Tengis Плюс, Амкадор Астана, Қазкомпрессор, Элпа, UK-Инжиниринг, Azam-KS сияқты компаниялар қатысты.