Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

27 Қаңтар 2023, 10:53
1433
Бөлісу:
Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?
PHOTO
Фото: автордан

Үндістан елшілігі республиканың 74 жылдығын мерекелеп жатыр. Осыған орай елордада салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үндістанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Шубдаршини Трипати Қазақстан мен Үндістан арасындағы байланыс жайында айтты.

Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

Дипломат еліміз жақында ғана Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлағанын атап өтті. 

Қазақстан үшін бұл жылдар ең маңызды, трансформациялық және тағдырлы жылдар болды. Қазақстан халқы үлкен мақтанышпен ел қол жеткізген жетістіктерге куә. Қазақстан елдегі бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен қатар халықаралық аренада маңызды экономикалық және саяси ойыншыға айналды, - деді Шубдаршини Трипати.

Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

Ол Үндістан мен Қазақстан арасындағы байланыс ежелгі дәуірден келе жатқанын және 2000 жылдан асатынын айтты. Бұл карым-қатынас аясында екі ел идеялар, ой-пікірлер мен мәдени салада тұрақты байланыс жасады. Осыған негізгі екі мысал - Буддизмнің Үндістаннан Қазақстанға және сопылық нанымдардың Қазақстаннан Үндістанға таралуы.

Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

Қазіргі дәуірде Қазақстан мен Үндістан арасындағы қатынастар нығайып келеді. 2009 жылы екі ел арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Екі жақтан да барлық деңгейдегі сапарлармен тұрақты алмасу және Премьер-министр Нарендра Моди мырзаның 2015 және 2017 жылдары Қазақстанға сапарлары екіжақты және көпжақты қатынастардың барлық саласында көпқырлы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті, - деді дипломат жиында.

Сөзінше, Қазақстан мен Үндістан БҰҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты көптеген халықаралық алаңда да серіктес. 

Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

Қазақстан - Үндістанның Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі. Елдер қорғаныс және азаматтық салаларда тығыз жұмыс істейді. БҰҰ-ның Ливандағы миссиясындағы Үнді батальоны құрамындағы Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің қызметі - екі ел арасындағы әріптестіктің бірегей және құнды нысаны. Мәдени қатынастар мен әлеуетті арттыру бастамалары адамдар арасындағы тығыз байланысты қалыптастырады, - деп түсіндірді Үндістан елшісі екі ел байланысы жайында.

Сонымен қатар Үндістан еліміздің азаматтарына ITEC және ICCR бағдарламаларының шәкіртақыларын береді. Қазақстанның 1 300-ден астам азаматы ITEC қызметтерін пайдаланғанын және 200-ден астамы ICCR стипендиясын алған.

Қазақстан-Үндістан достығы. Екі ел қай салада серіктес?

2022 жыл біздің екіжақты қарым-қатынас бойынша жемісті жыл болды. 2022 жылғы қаңтарда Премьер-министр Моди виртуалды форматта Үндістан-Орталық Азия бірінші саммитін өткізді, оған Орталық Азия мемлекеттерінің басқа басшыларымен бірге Президент Тоқаев қатысты. Осыдан кейін министрлер деңгейіндегі бірнеше сапарлар және экономика, сауда және қауіпсіздік саласындағы өзара әрекеттесулер болды, - деп түсіндірді Шубдаршини Трипати.

Сондай-ақ былтыр маусым айында Нью-Делиде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абайдың мүсіні ашылса, қазанда Махатма Гандидің алғашқы мүсіні Астанада ашылды. 

2023 жыл біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың әрбір секторы үшін анағұрлым жемісті және маңызды болады, ал Үндістан мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық күшейеді деп үміттенеміз, - деп сөзін қорытындылады Үндістан елшісі Шубдаршини Трипати.

Өзгелердің жаңалығы