Солтүстік Македонияда құрамына 27 ел кіретін халықаралық тау көшбасшылары ассоциациялары одағының (UIMLA) жыл сайынғы ассамблеясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жиында әлемнің түкпір-түкпірінен тау туризмінің мамандары мен сарапшылары бас қосты.
Қазақстан тау гидтерінің ұлттық қауымдастығы ассамблея қатысушыларына еліміздің туристік мүмкіндіктерін таныстыру қорытындысы бойынша UIMLA-да аспирант мәртебесін алды. Бұл қазақстандық тау гидтеріне халықаралық деңгейдегі стандарттарды бейімдеуге, басқа елдердің мамандарымен тәжірибе және білім алмасуға мүмкіндік береді. Мәртебеге ие болу экологиялық және белсенді туризмді дамыту үшін мықты ынталандыру болады.
UIMLA Ассамблеясында Қазақстан тау туризмін дамыту үшін өте қолайлы бірегей табиғи инфрақұрылымы бар ел ретінде таныстырылды. Презентация кезінде Алматының тау кластеріне, оның қауіпсіздігіне және туризм сапасының жоғары стандарттарына ерекше назар аударылды.
Қазақстан делегациясының құрамында әлемдегі барлық 14 биік сегіз мың метрлік тау шыңдарын бағындырған, аңызға айналған альпинист Мақсұт Жұмаев, Қазақстанның тау гидтері қауымдастығының президенті Олеся Лавренова және Алматы қаласы туризм басқармасының өкілдері болды.
Қазақстан алшісі Сатыбалды Бұршақов біздің делегациямызды Солтүстік Македонияның Туризмді ілгерілету және қолдау бойынша агенттігінің басшылығымен өткен келіссөздерде таныстырып, кездесу барысында елдеріміз арасындағы визалық режимді жеңілдету және тиісті келісімге қол қою мәселелерін талқыланды.