Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстан туралы жазбасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Медведев көмекшісінің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасын бұзған деген сөзін растаған еді.
Ресейдің экс-президенті мұны арандатушылардың ісі деп есептейді.
Мұндай хакерлік шабуылдар бірінші рет болып отырған жоқ. Олардан ешкім толықтай қауіпсіз емес. Кезінде мен премьер-министр болған кезімде мұндай шабуылдармен күресуге тура келді. Бұл біз жай ғана жасап жатқан ақпараттық соғыстың бір көрінісі. Мен тағы да растаймын: әлеуметтік желі әкімшілігі мен құзырлы қызметтер өз бетінше тексеріп жатыр. Кінәлілер жазасыз қалмайды, - деді ол.